Facebook WhatsApp Instagram

0

Көк шай өмірді ұзартады - зерттеу


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ғалымдар жаңа зерттеу нәтижесінде аптасына үш рет көк шай ішу жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлім қаупін төмендетіп, ұзақ өмір сүруге әсер етеді деген тоқтамға келді, деп жазады
ҚазАқпарат CNN ресурсына сілтеме жасап.
Қытай ғалымдарының айтуынша, қара шайдан гөрі көк шайдың денсаулыққа пайдасы мол. Зерттеуге 100 902 адам қатысқан және олар жеті жыл бойы бақылауда болған. Зерттеу нәтижесінде көк шай ішетіндерде жүрек ауруы мен инсульт қаупі 20 пайызға төмен болған.
Қытайдың жүрек-қантамыр аурулары ұлттық орталығының, Бейжің медицина колледжінің, Қытай медицина ғылымының академиясы бірлесіп жүргізген зерттеуде 50-ден асқан шай ішпейтін адамдар шай ішетіндерге қарағанда 1,6 жасқа аз өмір сүретіні анықталған.
Ғалымдардың айтуынша, көк шай жүрек-қантамыр ауруларынан қорғайды. Ал қара шай көк шай сияқты өңделмейтіндіктен, оның тиімділігі төмен.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: