» » Хемингуэйді сынайтындардың саны күрт азайған көрінеді

Хемингуэйді сынайтындардың саны күрт азайған көрінеді

Айдар: Әдебиет, Сонғы жаңалықтар
Хемингуэйді сынайтындардың саны күрт азайған көрінедіХемингуэй бір сұхбатында: "Менің жаңа бір шығармам жарық көрсе, оған қырғидай тиетін сыншылардың барын білемін. Бірақ, мен олардың әр газетте шыққан түкке тұрғысыз, әйтеуір жүйкеге тиюге бағытталған, ертең уақыттың желі аяусыз ұшырып әкететін шимай-шатпақтарын оқымаймын" - деген екен.
Сол сұхбаттан кейін Эрекеңді сынайтындардың саны күрт азайған көрінеді. Шынында да шамасына қарамай, уақыт пен тарихтың міндетін арқалап алатын кей сыншылар қаламгердің жүйкесіне тиюді әрі өз атын шығаруды ғана мақсат тұтатын сияқты. Қаламгердің әдебиетке, тілге, ұлттың болмысына тигізіп жатқан "зор нұқсанын" анықтағансып, сот құсап сөйлеудің арғы жағында "міне, мен оның өзіне сөз айтуға батылым жетті, демек мен одан ақыл-ой, суреткерлік жағынан әлдеқайда биікпін һәм тереңмін" деген пиғыл сезіледі. Құдай ақы бар ғой, сыншылар сынады екен деп шығармасын түзеген ақын я жазушыны көрген де жоқпын, естігем де жоқ. Және сыншылармен келісіп, айыбын жуғандар да өте аз шығар.
П.с. Пойыздағы ой ғой. Теріс ойлап қалмаңыздар.

Ақберен Елгезек

facebook-тегі парақшасынан