» » БЕЛГІЛІ ЖАЗУШЫҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

БЕЛГІЛІ ЖАЗУШЫҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Айдар: Әдебиет, Сонғы жаңалықтар

 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Студенттер сарайында «С.Балғабаев – драматург, жазушы, публицист» тақырыбындағы ғылыми-танымдық конференция өтті.
Бұл шара жазушы-драматург, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Сұлтанәлі Балғабаевтың 70 жылдығына орай өткізілді.  
Ғылыми-танымдық конференцияның ашылуында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов С.Балғабаевтың жазушы, драматург, публицист ретіндегі қазақ әдебиеті мен мәдениетіне сіңірген ерен еңбегіне тоқталды. Туған жерден тамырын үзбеген, әр шығармасында Сыр бойының табиғаты мен адамдарын суреттейтін жазушыға облыстың «Құрмет грамотасын» табыс етті.
Қорқыт ата атындағы университет проректоры А.Жүнісов «Қорқыт ата атындағы ҚМУ Алтын медалін» тапсырып, иығына шапан жапты.
Ғылыми-танымдық конференцияның соңында С.Балғабаев мерейтойына орай құрмет көрсеткен облыс басшылығына, баяндама жасаған ғалымдарға алғысын жеткізіп, жаңадан жарық көрген кітабын сыйға тартты. Шара  Сұлтанәлі Базарбайұлының туып өскен жері Сұлутөбе елді мекенінде өткізілген танымдық кешке ұласты.