» » » ШӨЛДЕГІ АҚ ҚҰМДЫ КӨРДІҢІЗ БЕ? (ФОТО/ВИДЕО)

ШӨЛДЕГІ АҚ ҚҰМДЫ КӨРДІҢІЗ БЕ? (ФОТО/ВИДЕО)

Айдар: Басқа тақырыптар / Әлемнің еңселі ескерткіштері

 

Американың Нью-Мексико штатында ақ құмды шөл бар, деп жазады reactor.inform.kz. 
Табиғаттың бұл ғажайыбы  White Sands National Monument ұлттық саябағының құрамына кіреді.

 


White Sands әлемдегі ең үлкен «гипсті» шөл болып табылады. Ауданы 710 шаршы шақырым. Құм құрамы гипсті кристалдан – селениттен тұрады.  Шөл 100 млн жыл бұрын түзіле бастаған. Ал 40 млн жыл бұрын селениттен таулар қалыптасқан. Оларды жылдар өте жауын езіп жіберген.
Шөлдегі жануарлар мен жәндіктердің де түсі өзгеріске ұшырап, өзге аймақтардағы түрлеріне қарағанда ақшыл тартқан.
Жақында NASA Ақ құм шөлінің ғарыштан түсірілген суреттерін жариялады. Бір қарағанда бұл құм емес, қар тәрізді көрінеді. Қазір мұндағы температура +30 ºC.