» » » Тұқым қуалайтын жұмыс

Тұқым қуалайтын жұмыс

Айдар: Анекдоттар / Сонғы жаңалықтар
Тұқым қуалайтын жұмысҚалаға қоныс аударып, сол жақта тұрып жатқан қандөздік Барлыбайдың үлкен баласы Шалабай ауылға бір келгенінде:
- Қарауыл болып істеп жүрмін, - дейді әкесіне. Сонда Барлекең басын шайқап:
- Осы жасқа келгенше қалай байқамағанмын. Бұл қарауыл деген тұқым қуалайтын құдіретті жұмыс екен ғой, - депті таңдана. - Өзім өмір бойы қарауыл болып істеп едім, Ұялыда, тасқорада, көпірдің аузында.., сол бақ - саған қонған екен, шырағым...

Нұрмахан Елтай