» » » ҒАЛЫМДАР АУЫРҒАНДЫ БАСАТЫН ДӘРІЛЕРДІҢ ҚАУІПТІЛІГІН АНЫҚТАДЫ

ҒАЛЫМДАР АУЫРҒАНДЫ БАСАТЫН ДӘРІЛЕРДІҢ ҚАУІПТІЛІГІН АНЫҚТАДЫ

Айдар: Басқа тақырыптар / Білгенім – бір тоғыз

Басымыз ауырып, балтырымыз сыздай қалса ауырғанды басатын дәрілерге жүгіреміз деп жазады
reactor.inform.kz.
Бірақ олар адамды тәуелді етіп қана қоймайды, семіздікке, ұйқысыздыққа, гипертонияға ұшыратады екен. Бұны Ньюкасл университетінің мамандары анықтады.
Ғалымдар 133 мың адамға зерттеу жүргізіп, габапентиннің, прегабалиннің әсерін анықтаған. Біраз адамдар ауырғанды басатын дәрілерді кардиопрепараттармен, ал біразы жүрек ауруларының дәрілерімен қоса қабылдаған.
Бірінші топтағы пациенттер екінші топтағылармен салыстырғанда семіздіктен көбірек зардап шеккен. 82%-да мықындары өсіп, 63%-да гипертония асқынған. Сондай-ақ басым бөлігі ұйқысыздыққа ұшыраған.