» » » ҰЗАҚ ӘРІ МАҒЫНАЛЫ ӨМІР СҮРУДІҢ БАСТЫ ҚҰПИЯСЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

ҰЗАҚ ӘРІ МАҒЫНАЛЫ ӨМІР СҮРУДІҢ БАСТЫ ҚҰПИЯСЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Айдар: Басқа тақырыптар / Білгенім – бір тоғыз

Ұзақ өмір сүретін италиялықтар өзгелерден әлемде болып жатқан құбылыстарға позитивті қарау, еңбексүйгіштік, табандылық, Отанына, діні мен отбасына деген жақсы қарым-қатынастарымен ерекшеленеді. Мұны Рим университеті Ла Сапиенц және Сан-Диегодағы Калифорния медицина мектебінің ғалымдары анықтады.
Бұл туралы Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған
NUR.KZ хабарлайды.
Мамандардың пікірінше, жоғарыда аталған психологиялық ерекшеліктер - ұзақ өмір сүрудің басты құпиясы. Зерттеу жұмысына 29 қария қатысты. Осы қариялардың 51 туысы Италияның оңтүстігі Чиленто аймағындағы тоғыз ауылда тұрады. Еріктілердің ең үлкендері – 90-101 жаста.
Ғалымдар психологиялық және физикалық денсаулық көрсеткіштерін бағалап, еріктілермен өмірлік тәжірибелері мен дүниеге деген көзқарастары туралы сұхбат жүргізді.
Нәтижесінде жасы үлкен қариялардың 51-75 жас аралығындағы туысқандарына қарағанда, психологиялық денсаулықтарының жақсырақ екені анықталған.
Олар зерттеу барысында өздерінің оптимист, сенімді, күйзеліске төзімді және шешім қабылдауда білікті екендерін көрсеткен. Сонымен қатар, олар өз ұстанымдарына берік болған және өзгелер өздері туралы не ойлайтынына еш алаңдамаған.