» » » ҒАЛЫМДАР ЕРЛЕРДІҢ ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАРАҒАНДА БОС УАҚЫТЫ КӨП БОЛАТЫНЫН АЙТТЫ

ҒАЛЫМДАР ЕРЛЕРДІҢ ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАРАҒАНДА БОС УАҚЫТЫ КӨП БОЛАТЫНЫН АЙТТЫ

Айдар: Басқа тақырыптар / Білгенім – бір тоғыз

Ғалымдар ер-азаматтардың әйелдерге қарағанда бос уақыты 5 сағатқа артық болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды
Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.
Ұлыбританияның Ұлттық статистика басқармасының баяндамасында ер-азаматтардың әйелдерге қарағанда бос уақыты көп болатыны айтылған. Бірақ, ер адамдар әйелдерге қарағанда қиындау жұмыстарды атқаратыны белгілі.
Ғалымдардың айтуынша, олар көбінесе бос уақытын достарымен, компьютер ойындарын ойнаумен және спорттық жиындарға барумен өткізетіні белгілі болған. Ал әйелдердің бос уақыты 2000 жылдан бері ең төменгі көрсеткішке дейін қысқарған.
Сауалнама нәтижесі бойынша қыз-келіншектерде бір аптаның ішінде бала күтімі, үй жинау және басқа да жеке істермен айналысуға небәрі 38 сағаты ғана қалатыны анықталды.