» » » ЕГДЕ АДАМДАР АЛЖУДАН ҚАЛАЙ САҚТАНА АЛАДЫ

ЕГДЕ АДАМДАР АЛЖУДАН ҚАЛАЙ САҚТАНА АЛАДЫ

Айдар: Басқа тақырыптар / Білгенім – бір тоғыз

Дәрігерлер спорт пен жеңіл физикалық жаттығулардың қарттарды Альцгеймер ауруына шалдығудан сақтандыратынын айтты, деп хабарлайды
Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru сайтына сілтеме жасап.
«Қарапайым нәрселерді ұмытып, күнделікті тұрмыста кездесетін кішігірім мәселелерге қатысты шешім қабылдауда қиналатын болсаңыз, дәрігерге қаралғаныңыз жөн. Себебі, бұл ұмытшақтығыңыз қартаюмен ғана емес, өмір үшін қауіпті аурулармен байланысты болуы мүмкін. Күнделікті жаттығу жасау арқылы ақыл кемістігінің алдын аласыз», - дейді Рочестердегі Майо клиникасының дәрігері Рональд Петерсен.
Соңғы жылдары бірнеше топ ғалым зерттеу жұмыстары барысында спорт жаттығуларының ми жұмысын жақсартатынын анықтады. Мысалы, 2008 жылы австралиялық ғалымдар қариялардың күнделікті 50 минут серуендеу арқылы есте сақтау қабілетін жақсарта алатындарын айтқан. Бұдан кейін 2015 жылы италиялық ғалымдар физикалық жаттығулардың жүйке жасушаларының басқа нейрондармен жаңа байланыс құруға әсер ететінін анықтады.
Петерсонның айтуынша, мұндай зерттеу жұмыстарына екі категориядағы адамдар қатысқан. Олар – студенттер, жасөспірімдер және Альцгеймер ауруына шалдықпаған дені сау ересек адамдар. Зерттеу жұмысының нәтижесінде дәрігерлер таза ауада серуендеу мен өзге де жеңіл жаттығулардың егде адамдардың есте сақтау қабілетін жақсартуға көмектесетіні анықталды. Ғалымның есептеуінше, егде адамдар денсаулықтарын жақсарту үшін аптасына 150 минут жаттығу жасаулары керек.
«Қартаюға біз еш әсер ете алмайтын пассивті процесс ретінде қараудың қажеті жоқ. Мысалы, 72 жасымда есте сақтау қабілетім нашарлай бастаса, спортпен шұғылдану арқылы бұл процессті 75-78 жасыма дейін шегере аламын. Бұл мен үшін өте үлкен айырмашылық», - дейді Петерсен.