» » » ЖЕМІС ШЫРЫНЫН ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА ІШУГЕ БОЛМАЙДЫ?

ЖЕМІС ШЫРЫНЫН ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА ІШУГЕ БОЛМАЙДЫ?

Айдар: Басқа тақырыптар / Білгенім – бір тоғыз

Жеміс шырынын аш қарынға ішу ішектің микрофлорасына кері ықпал етеді деп жазады
Sputnik Казахстан.
Принстонский университетінің құрамына кіретін Льюис Сиглердің ыпалдастық геномика институтының ғалымдары осындай қорытындыға келді.
Мамандар эксперимент кезінде тышқандарға аш қарынға шырын мен шәрбат берген.
Бұл жағдайда аш ішек жеміс шырынын ыдырата алмайтыны анықталды: ол тікелей тоқ ішекке түсіп, микроорганизмге ауыр зиян келтіреді. Бұл жаңа сығылған шырындарға да қатысты.
Сонымен қатар, ғалымдар жеміс қантының 90%-ы осы аш ішекке сіңетінін атап өтті.
Зерттеушілер шырынды аз мөлшерде және тек тамақтан кейін ішуге кеңес беріп отыр. Мұндай тәсіл ас қорыту жүйелеріне түсетін салмақты азайтып, ішектің микрофлорасын зақымдамайды.