» » » ҒАЛЫМДАР АДАМ ӨЛГЕННЕН КЕЙІН НЕ СЕЗІНЕНІН АНЫҚТАДЫ

ҒАЛЫМДАР АДАМ ӨЛГЕННЕН КЕЙІН НЕ СЕЗІНЕНІН АНЫҚТАДЫ

Айдар: Басқа тақырыптар / Білгенім – бір тоғыз

Адамдар өлгеннен кейін өзінің о дүниеге аттанғанын сезініп, айналасында не болып жатқанын түсінеді, деп мәлімдеді Нью-Йорк университеті жанындағы Langone медицина мектебінің (NYU Langone School of Medicine) ғалымдары. Бұл жөнінде
reactor.inform.kz жазды.
Дәрігерлер өлімді жүректің тоқтаған сәтінен анықтайды: мида қан айналымы тоқтайды, бұл оның өз қызметін бірден тоқтатуына әкеп соғады. Соңында ми жасушалары өле бастайды, бірақ бұған клиникалық өлімнен кейін бірнеше сағат уақыт қажет, деп есептейді зерттеудің жетекшісі Сэм Парниа.
Сонымен қатар, адамның сана-сезімі жүрек тоқтай салысымен тоқтап қалмайды. Адамдар «өлімнің алғашқы сатысында» сыртқы ортаны қабылдау қасиетін сақтайды. Бұған жүрегі тоқтап қалып, қайта тірілген жандардың клиникалық өлімнен кейін айналада болған оқиғаларды егжей-тегжейіне дейін айтып бергені аса маңызды дәлел бола алады.
«Олар дәрігерлер мен медбикелердің жұмыс істеп жатқанын көріп, олардың әңгімелерін естіген», дейді Парниа. Зерттеуші мәлімдегендей, бұл естеліктерді пациенттері өлді деп есептеген дәрігерлердің өздері де таңдана отырып растайды.
Бұдан шығатын қорытынды: адам өлгеннен кейін оның миы толық өлмейінше айналадағы болып жатқан нәрселерді «көруге» және дыбыстарды «естуге» қабілетті.