» » » ПИЦЦА ЕҢ ПАЙДАЛЫ ТАҢҒЫ АС ЕКЕНІ АНЫҚТАЛДЫ

ПИЦЦА ЕҢ ПАЙДАЛЫ ТАҢҒЫ АС ЕКЕНІ АНЫҚТАЛДЫ

Айдар: Басқа тақырыптар / Білгенім – бір тоғыз

Пицца таңғы аста жейтін таптырмайтын тағам екені белгілі болды. Америкалық диетолог Челси Эмер зерттеу нәтижесінде осындай шешімге келді.
Бұл туралы The Daily Meal жазды, деп хабарлайды Stan.kz.
Әдетте адамдар таңғы аста пицаға екі жағдайда тапсырыс бреді: бірі түнімен ішімдік ішіп, таңертең бас жазарда, бірі ерінгенде. Басқа кездері пайдалы тағам жеуге тырысады. Бірақ, пиццаның дәстүрлі хлопьяға қарағанда пайдасы молырақ екені анықталды.
«Тағамның құрамына назар аудару қажет. Сіз тағалуыңыз мүмкін, бірақ, бір тілім пицца мен сут қосылған хлопьяның калория мөлшері бірдей. Дегенмен, хлопьяда ақуыз бен пайдалы майлар болмайды. Және онда қант мөлшері шектен тыс көп. Ал, пиццада керісінше, ақуыз да, пайдалы майлар да жеткілікті және қант мөлшері аз. Сондықтан таңертең көп күш жинап алғыңыз келсе пицца көмектеседі», – дейді диетолог.
Бір сөзбен айтқанда, күнде таңғы асқа бір тілім пицца жесеңіз артық болмайды.