» » » ӘЙЕЛДЕРДІҢ НЕЛІКТЕН ҰЗАҚ ӨМІР СҮРЕТІНІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

ӘЙЕЛДЕРДІҢ НЕЛІКТЕН ҰЗАҚ ӨМІР СҮРЕТІНІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Айдар: Басқа тақырыптар / Білгенге – маржан

Дания мен Германия ғалымдарының тобы әйелдердің еркектерге қарағанда неліктен ұзақ өмір сүретінін анықтады. Зерттеушілердің қорытындысына сәйкес, бұған әйелдер қауымының биологиялық ерекшелігі себеп екен. Мамандардың мақаласы Proceedings of the National Academy of Sciences журналына шықты. Бұл туралы Phys.org басылымы жазды, деп хабарлайды
Вaq.kz ақпарат агенттігі.
Ғалымдар Тринидад аралында испаниялық басқару мен құл сату (1498-1807 жылдар аралығы), Исландиядағы қызылша ауруының эпидемиясы және Украинадағы аштық кезеңіндегі әйелдер мен ерлердің өмір сүру ұзақтығына талдау жасады. Сөйтсе, аштық кезінде әйелдер еркектерге қарағанда ұзақ өмір сүріпті. Ал, Тринидада ешқандай айырмашылық байқалмапты. Мүмкін ол кезде құл сатушылар ерлердің қол күшін бағалап, оларға қамқорлық танытқан шығар деп отыр ғалымдар.
1845 жылдан бастап 1849 жылға дейін Ирландияда аштық болды. Оның салдарынан картоп егілген алқапты Phytophthora infestans дерті басты. Сол кезде әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 22,4 жыл, ал еркектердікі 18,17 жыл болған. Бірақ аштыққа дейін әйелдер де, еркектер де 38 жасқа дейін өмір сүрген. Мұндай статистика жаппай аштық болған жағдайлардың барлығында байқалды. Сондықтан ғалымдар, ерлердің ерте өлімі әйелдердің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты деп есептейді.
Еркектердің иммундық жүйесінің жұмысын бұза алатын тестостеронның жоғары дағдылануы – олардың өмір сүру мүмкіндігін азайтады. Бұдан бөлек, әйелдердің организміндегі эстрогендер суыққа қарсы тұруға белсенді болып келеді.