» » » ҒАЛЫМДАР ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АДАМДАРДЫҢ ӨМІРІНДЕ БІРҚАТАР АРТЫҚШЫЛЫҚ БАР ЕКЕНІН АНЫҚТАДЫ

ҒАЛЫМДАР ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АДАМДАРДЫҢ ӨМІРІНДЕ БІРҚАТАР АРТЫҚШЫЛЫҚ БАР ЕКЕНІН АНЫҚТАДЫ

Айдар: Басқа тақырыптар / Білгенге – маржан

Ерлі-зайыптыларға қарағанда, жалғызбасты адамдардың өмірінде артықшылықтар басымырақ екен, деп хабарлайды The Independent басылымына сілтеме жасап
Stan.kz.
Анықталғандай, жалғызбасты адамдардың әлеуметтік желіде достары көп әрі олармен жиі араласады екен. Ал психологтардың айтуынша, отбасымен байланысы жоқ достар көңіл-күй көтеріңкі болу үшін өте маңызды.
Сондай-ақ, жалғызбасты адамдардың физикалық тұрғыда дамуына мүмкіндіктер көп. Зерттеуде жалғызбасты адамдардың артық салмақ қосуға бейім емес екенін және денесі анағұрлым сымбатты екені анықталды.
Сонымен қатар жалғызбасты адамдар тұлғалық даму үшін көп уақыт бөле алады. Тұрмысқа шықпаған қыздар және үйленбеген жігіттер білім алуға ынталы әрі мансабында анағұрлым жиі көтерілетін көрінеді.