КӨП ОЙЛАНУ - ҚАУІПТІ...

Айдар: Басқа тақырыптар / Білгенге – маржан

Сарапшылар көп ойланғаннан қандай қауіп бар екенін айтып берді. Бұл жөнінде
reactor.inform.kz жазды.
Зерттеу барысында сарапшылар өз ойларына ие болып уақтылы тыныға алмайтын адамдарға қандай қауіп төніп тұратынын айтты. Ол әйел адамдармен қатар ер адамдарға да қатысты.
Ең алдымен ойлау үдерісі адамның басты ағзаларының бірі - миға әсерін тигізеді.Сондықтан үнемі күйзелісте жүретін адамның мидың бір бөлшегіндегі есте сақтау қабілеті мен эмоцияларға жауап беретін клеткаларға кері әсерін тигізуі әбден мүмкін.
Сонымен қатар,күнделікті күйзеліс пен келеңсіз ойлар ішек-қарын жолдарының гастрит,язва сияқты ауруларына әкеледі.
Және де ағзамыздың басты бұлшықеті - жүрекке де үлкен жүктеме түсуі мүмкін.
Ал орынсыз қобалжу мен мазасыздану жүрек аурулары мен тахикардияның пайда болуын еселетіп жібереді деп санайды ғалымдар.
Жалпы адам ағзасына ең үлкен зиян мен қауіп деп иммундық жүйенің әлсіреуі болып есептеледі.
Орынсыз қобалжу мен алаңдау ағзадағы кортизолдың көптеп бөліну салдарынан адам ағзасының жалпы барлық инфекцияларға төтеп беруін әлсіретіп,тіпті обыр дертіне шалдықтыруы да ықтимал.
Сондықтан сарапшылардың кеңестеріне құлақ асып әр адам өз денсаулығына деген көзқарасын өзгерткені дұрыс.