» » » ҚАРТТЫҚПЕН КҮРЕСЕТІН ЕҢ ЖАҚСЫ СУСЫН АНЫҚТАЛДЫ

ҚАРТТЫҚПЕН КҮРЕСЕТІН ЕҢ ЖАҚСЫ СУСЫН АНЫҚТАЛДЫ

Айдар: Басқа тақырыптар / Білгенге – маржан

Мамандар күніне бір стақан қызылша сусынын ішуге кеңес береді, деп хабарлайды
Baq.kz ақпарат агенттігі medikforum.ru сайтына сілтеме жасап.
Қызылша сусыны қартайған кезде ақыл-естің кемуінен сақтап, мидың қанайналым жүйесін жақсартады.
Қызылша сусынын тұрақты түрде ішу ағзаны тазалайды. Оның құрамында нитраттар көп, бұл қантамырлар арқылы қанның жақсы жүруі мен қанайналым жүйесін ретке келтіреді.
Мамандар күніне бір стақан қызылша сусынын ішуге кеңес береді. Бір стақан қызылша сусынын жасау үшін шамамаен бес дана қызылша қажет. Бұлай ету инсульт пен инфаркттің алдын алады және қан қысымын ретке келтіреді.