» » » ҒАЛЫМДАР КҮННІҢ ЖАҚЫНДА СӨНЕТІНІН БОЛЖАДЫ

ҒАЛЫМДАР КҮННІҢ ЖАҚЫНДА СӨНЕТІНІН БОЛЖАДЫ

Айдар: Басқа тақырыптар / Қазақтың ырымдары мен тыйымдары

Сан-Диего қаласындағы Калифорния университетінің мамандары ХХІ ғасырдың ортасында күннің жылыту белсенділігінің төмендейтінін айтты. Сондықтан, жерге жылу бұрынғыдан аз түседі. Бұл ғылыми жұмыс The Astrophysical Journal-да жарияланды.
Бұл туралы
Stan.kz хабарлайды.
Олардың пікірінше, күннің жылыту қасиеті баяулап жатыр. Бірақ бұл жаһандық жылынудың жылдамдығына әсер етпейді.
Зерттеушілер 20 жыл бойы орбитадағы ғарыштық телескоппен International Ultraviolet Explorer-ді бақылап келді. Кейіннен жинаған деректерге талдау жасады . Ғалымдар күн жұлдыздарының сәулелерін өлшегеннен кейін, үлкен өзгеріс болатынын анықтады. Күн белсенділігінің төмендеуі оның сәулесінің түсу жиілігінен деп болжады.
Сондай-ақ, америкалық зерттеушілер болашақта күн сәулесінің түсуі төмендейді деп санайды. Оған қоса, жердегі жаһандық суықтың айтарлықтай қатты болмайтынын ескертеді.