» » » «ЖҰЛЫП АЛҒАН» ФОКУСШЫНЫҢ ӨНЕРІ КӨПШІЛІКТІ ТӘНТІ ЕТТІ (ВИДЕО)

«ЖҰЛЫП АЛҒАН» ФОКУСШЫНЫҢ ӨНЕРІ КӨПШІЛІКТІ ТӘНТІ ЕТТІ (ВИДЕО)

Айдар: Басқа тақырыптар / Сауал – сізден, жауап – бізден

 

YouTube желісіндегі Vincent Kuo арнасында саусақтарды «жұлып алу» фокусы бейнеленген ролик жарияланды. Қысқа уақыт ішінде видеоны 2 млн-нан астам пайдаланушы тамашалап үлгерген. Бұл жөнінде reactor.inform.kz жазды. 
Желі пайдаланушылары бейнежазбадағы көрініс жай ғана трюк екендігіне қарамастан, фокусшы жігіттің өз саусақтарын қайда жасырғанын және қалай орнына қайта қойғанын түсінбей дал болуда.
Тіпті, олардың екйбірі фокусшының тек қолдың икемділігін пайдаланумен шектелгеніне күмән келтіруде. Себебі, фокус тым шынайы шыққан. Сондықтан, кейбір кісілер аустралиялық фокусшының арнайы құралдарды шеер қолданған деп есептейді. Тіпті, кейбіреулер қолындағы саусақтарынан айырылып қалмау үшін фокусшымен қол беріп амандасудың өзі қорқынышты екен деп әзілдейді.