» » » STEER БІЛЕЗІГІ ЖОЛДА ҰЙҚЫ БЕРМЕЙДІ

STEER БІЛЕЗІГІ ЖОЛДА ҰЙҚЫ БЕРМЕЙДІ

Айдар: Басқа тақырыптар / Сауал – сізден, жауап – бізден

STEER БІЛЕЗІГІ ЖОЛДА ҰЙҚЫ БЕРМЕЙДІ

 

Жыл сайын жүргізушілердің салғырттығының кесіренен 300 мыңға жуық жол апаты орын алады, - деп жазады massaget.kz.
Оның 25%-ға жуығы жүргізуші жол үстінде ұйықтап кететіндігі әсерінен болатындығы мәлім болған. Жылына ұйқының есебінен жол үстінде 30 мыңнан астам адам қаза табады. Осындай себептердің барлығын ескеріп Латвияның Creative Mode компаниясы жаңа гаджетті жасау шығаруды ойға алған. Ол ойлары да жүзеге асты. STEER білезігі – жүргізушілердің ұйқыға кетіп қалмауын қадағалап, оның өмірін сақтап қалуға арналған жаңа технология. Білезікке шынайы өмірде жүрек соғысы мен жүргізушінің терісінің электроөткізгіштігін қадағалайтын 16 тетік орнатылған. Құрылғы жүргізушінің жағдайы нашарлап, оның өміріне қауіп төндіретін жағдайға жеткенін сезген бойда денеге аз мөлшерде тоқ жібереді. Бұл тоқ адамды ұйқысынан оятуға жетеді. Тоқтан кейін денедегі серотонин, адреналин мен кортизолдың мөлшері көбейіп, ұйқы гормоны мелатониннің мөлшері азаяды. Құрастырушылар жүргізушер ұйқыдан қашу үшін қандай әдістерді қолданатынын ұзақ зерттеген. Кейбір адамдар кофе, түрлі энергетикалық сусындар, қатты музыка мен шылымның көмегіне сүйенетініне куә болған. Бірақ, бұл әдістердің адам ағзасына тигізер зияны жетерлік әрі бұлардың көмегі тиетініне ешкім кепілдік бермейді. STEER білезігі күні-түні жүргізушінің жағдайын назардан тыс қалдырмай бақылап отырады. Оның қуаты екі аптаға жетеді. Бұл құрылғы сатылымға шығу үшін қажетті қаржыны жинады. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қараша айында халыққа жол тартады.