» » » ҒАЛЫМДАР ҚОРЫЛДАУ МЕН АҚЫЛСЫЗДЫҚ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТЫ АНЫҚТАДЫ

ҒАЛЫМДАР ҚОРЫЛДАУ МЕН АҚЫЛСЫЗДЫҚ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТЫ АНЫҚТАДЫ

Айдар: Басқа тақырыптар / Сауал – сізден, жауап – бізден

Австралиядағы Квинсленд университетінің ғалымдары ұйықтаған кезде оттегі жетіспеуі салдарынан адамдардың деменцияға шалдығу қаупі үш есе көбейетінін анықтады, деп хабарлайды
Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
Ұйықтап жатқан кезде ауа жетпеген болса, мидың қалыпты жұмысы бұзылады. Негізінен адамның зеректігі мен ақпаратты қабылдауына жауап беретін бөлігі зақымданады.
Профессор Элизабет Коулсон басқарған ғалымдар тобы апноэні бастапқы кезінде емдеп алу арқылы Альцгеймер ауруына шалдығу қаупін алдын алуға болатынын айтады.
Енді осы ғалымдар 55-75 жас аралығындағы науқастарды апноэден емдеу арқылы, деменцияның алдын алуға болатын-болмайтындығын зерттемек. Апноэге шалдыққан адамдар ұйықтап жатқан кезде қорылдап, күндіз қалғып жүреді. Мұнымен қатар, есте сақтау қабілеті нашарлайды.