» » » БАЯН АЛАГӨЗОВА МӨЛДІР ӘУЕЛБЕКОВАНЫҢ ШАҒЫМЫНА ЖАУАП БЕРДІ

БАЯН АЛАГӨЗОВА МӨЛДІР ӘУЕЛБЕКОВАНЫҢ ШАҒЫМЫНА ЖАУАП БЕРДІ

Айдар: Басқа тақырыптар / Сауал – сізден, жауап – бізден

Баян Мақсатқызы КешYou тобының экс-солисі Мөлдір Әуелбекованың шағымына қатысты жауап берді. Ол Мөлдірдің жалған сөйлегенін алға тартып, оны бірге отырып сұхбат беруге шақырды, деп хабарлайды
Stan.kz.
“Молечка, мына сөзің рас па? Сен деген нағыз фантазер екенсің ғой, талантты қыз. Неткен ақылды қызсың, әсіресе, өзіңнің топқа қайта оралуың мен қойған шарттарың жайлы… Мүмкін бірге отырып сұхбат береміз? Көзіме тіке қарап тұрып, бар шындықты айтарсың? Давай Молечка, бәрін өзім ұйымдастырып берейін. БАҚ-тың қайсысымен келісейін? Барлығы керемет болады, уәде беремін”, – деп жазды Баян Instagram парақшасында.
Баян Мақсатқызы аталған сұхбатта БАҚ өкілдері Мөлдірдің сөзін әсірелеп жіберуі мүмкін деген болжамын да ашық айтты.
Алайда бұған дейін Мөлдір кезінде Баянның ашық-шашық киінуге мәжбүрлегенін айтқан болатын.