» » » ҒАЛЫМДАР МАСКҮНЕМДІКТЕН ЕМДЕУДІҢ ЖЕҢІЛ ЖОЛЫН ТАПТЫ

ҒАЛЫМДАР МАСКҮНЕМДІКТЕН ЕМДЕУДІҢ ЖЕҢІЛ ЖОЛЫН ТАПТЫ

Айдар: Басқа тақырыптар / Сауал – сізден, жауап – бізден

Аустралияның Квинсленд технологиялық университетінің мамандары тандоспирон препараты адам миының алкогольді көп ішуіне байланысты зақымдалуын тоқтатуы және ішімдікке тәуелділіктен арылтуы мүмкін екенін анықтады деп жазады
Тengrinews.kz. Зерттеу қорытындысы MedicalXpress сайтында жарияланды.
Тандоспирон антидепрессант болып келеді. Тышқандарға жасалған зерттеу арқылы ғалымдар антидепрессант әсердің спирт ішімдік ішуді тоқтатуға байланысты қозу сезімін басуға көмектесетініне көз жеткізді. Өз кезегінде бұл алкогольге тәуелділікті төмендетеді.
Сонымен қатар, тандоспиронді екі апта қабылдаудан кейін ішімдік салдарынан нейрогенезді жаншу белгілері жойылады.