» » » СҮТ БЕЗІ ОБЫРЫН ҚАНДАЙ ТАҒАМДАР ҚОЗДЫРАТЫНЫ АНЫҚТАЛДЫ

СҮТ БЕЗІ ОБЫРЫН ҚАНДАЙ ТАҒАМДАР ҚОЗДЫРАТЫНЫ АНЫҚТАЛДЫ

Айдар: Басқа тақырыптар / Сауал – сізден, жауап – бізден

Құрамында аспаргиннің амин қышқылдары аз тағамдарды қабылдау сүт безінің агрессиялық обырына шалдығу қаупін төмендетеді деп жазады
Тengrinews.kz. Халықаралық ғалымдар тобының зеттеуі Nature журналында жарияланды, - деп хабарлайды EurekAlert.
Гормоналды терапия әсер етпейтін ең қауіпті қатерлі ісік түріне шалдыққан тышқандарға тәжірибе өткізілді. Қатерлі ісіктің бұл түрінде эстроген және прогестерон рецепторларының синтезі және HER2 мембраналық ақуыз болмайды, ал дәрі-дәрмек бірінші кезекте осы қосындыларды "нысанға" алады.
Ғалымдар кеміргіштерге аспаргинге бай азық-түлік береді. Осыдан кейін қатерлі ісіктің жасушалары жылдам бөліне бастаған. Ал тышқандарға құрамында аспаргин мөлшері аз азық-түлік пен дәрі-дәрмек бере бастағанда, кеміргіштердің жағдайы түзелген. Ары қарайғы зертеулер де бастапқы қатерлі ісіктерде метастазаның пайда болуына дәл осы ферменттің әсер ететінін көрсеткен.
Аспаргин сүт өнімдері, сиыр еті, тауық еті, балық пен теңіз өнімдерінде көп болады. Сонымен қатар, картоп, бұршақ тұқымдастар, соя, қояншөп, жаңғақ пен дәнектер де аспаргинге бай келеді. Ал көкөніс пен жемістер құрамында бұл фермент керісінше өте аз. Сондықтан бұл өнімдер ең пайдалы деуге болады.