» » » НУМЕРОЛОГ: МҮШЕЛ ЖАС – ҚАУІПКЕ ТОЛЫ КЕЗЕҢ

НУМЕРОЛОГ: МҮШЕЛ ЖАС – ҚАУІПКЕ ТОЛЫ КЕЗЕҢ

Айдар: Басқа тақырыптар / Түс жору

 

Халық арасында "мүшел жасқа” қатысты наным-сенімдер кеңінен таралған. Енді ол нумерологтардың есебінде расталып отыр. Сандар саласының маманы Арайлым Хасенова әр 12 жыл сайын жасауға болмайтын амалдар туралы айтты.
Бұл туралы Sputnik хабарлады.
"Жеті жылдық цикл бойынша өмірлік энергия графигі деген түсінік бар. Дәл осыны қазақтың "мүшел жасына” келтіруге болады. Тәжірибе көрсеткендей, бұл сенім өте орынды, өйткені әр адамның өзінің өмірлік коды бар. Оған сәйкес, әр жеті жыл сайын адам энергиясы нөлден тоғызға дейін өзгереді, яғни егер энергия жоғарыласа, ол – жеке өмірді ретке келтіруге және мамандық ауыстыруға жақсы уақыт. Ал егер энергия төмендесе, онда маңызды шешімдер мен жоспарларды басқа уақытқа шегерген жөн”, – деп атап өтті Арайлым Хасенова.
Қазақ халқы әр 12 жыл сайын адам өмірінде айтулы өзгерістер болатынына сенеді. "Мүшел жас” деп аталатын бұл кезеңде адам ауруға ұшырап, өмірлік қиындықтарға ұшырайды деп санайды. Нумерологтың сөзіне қарағанда, мұндай жылы адамның энергиясы нөлге жақындайды.
"Денсаулыққа көңіл бөліп ірі саяхаттар мен қоныс аударудан аулақ болған жөн. Сондай-ақ, қаржылай келісім-шарттарға келгенде абай болған абзал”, – деп атап өтті Арайлым Хасенова.
"Яғни адамның энергиясы нөлге жақындаған кезде, бұл кезеңде максималды тұрғыдан абай болу керек. Себебі бұл сан қауіптілікті білдіреді. Ол біз жүргізген зерттеумен дәлелденді”, – деп түйіндеді сөзін нумеролог.