» » » ТОЙДА БИ ЖАРЫСҚА ҚАТЫСЫП, ЖЕҢІП ШЫҚҚАН ӘУЕЛБЕКОВА ЖЕЛІНІ ШУЛАТТЫ (ВИДЕО)

ТОЙДА БИ ЖАРЫСҚА ҚАТЫСЫП, ЖЕҢІП ШЫҚҚАН ӘУЕЛБЕКОВА ЖЕЛІНІ ШУЛАТТЫ (ВИДЕО)

Айдар: Басқа тақырыптар / Түс жору

Желіде Мөлдір Әуелбекованың би жарысқа қатысқан видеосы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды
Stan.kz.
Бейнежазбада Мөлдір өзі қатысқан тойлардың бірінде өзге бикештермен бірге сайысқа түскен. Шарт бойынша, қатысушылар көздерін орамалмен байлауға міндеттелген. Осыны пайдаланған асаба ұтысқа 100 мың теңгенің телефонын қойғанын айтып, жарыстың ортасына келгенде Мөлдірді алдап соққан.
Яғни, ол сайыс алаңында бірнеше қыз қалғанын айтқан. Ал шын мәнінде Әуелбековадан өзге қатысушыларды ойыннан шығарып тастаған. Мұны білмеген Мөлдір бірнеше кезең бойы жалғыз өзі биледі. Ақырында жеңімпаз деп танылып, телефонға ие болды.
Алайда асабадан қулық артылған ба? Әншіні әбден билетіп болған соң ол: “Өз телефонын өзіне бердік”, – деп жұртты қыран-топан күлкіге қалдырды.