» » » ІШІМДІК ЖЕТІ ТҮРЛІ РАКТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНА СЕБЕПШІ – ҒАЛЫМДАР

ІШІМДІК ЖЕТІ ТҮРЛІ РАКТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНА СЕБЕПШІ – ҒАЛЫМДАР

Айдар: Басқа тақырыптар / Түс жору

Ғалымдар ішілетін алкогольдің мөлшерін азайту арқылы онкологиялық аурулардың пайда болу қаупін төмендетуге болатынын айтты. Мұнымен қатар, олар ішімдікті кез келген мөлшерде тұтыну денсаулық үшін аса қауіпті екенін дәлелдеді, деп хабарлайды
Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.
Ішімдік омырау және рактың өзге 6 түріне әкеліп соқтырады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді.
«Алкогольді сусындардың барлық түрінде этанол бар. Бұл қоспа жасушаларды зақымдап, оларды бұзады», - делінген ұйым хабарламасында.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, алкоголь әйелдер гормонына әсер етіп, зақымданған жасушалардың санын арттырып, сүт безі рагына шалдықтырады. Мысалы, әйел адам күніне 4 стақан қызыл шарап ішсе, аталған ауруға шалдығу қаупі 50% жоғарылайды.