Арқалық атауы қалай шыққан?

Айдар: Жеріңнің аты – еліңнің хаты / Сонғы жаңалықтар
Арқалық – бұрынғы Торғай облысының орталығы, қазір Қостанай облысының құрамына кіреді. Қала орналасқан жерінің атауын меншіктенген. Бір зерттеушілердің пікірінше, жер атауы «солтүстік», «батыс», мағыналарын беретін «арқа» сөзімен байланысты пайда болған. Сонымен қатар, башқұрт тілінде «арғышы» сөзі «таулы», ар «арғышы урын» тіркесі «таулы жер» деген мағына береді. Мұны хақас тілі дерегі қуаттай түседі. Оларда «арғалығ» дыбыстық құрамдағы сөздің екі түрлі ұғымы бар: 1) жоталы, 2) биік (жер туралы). Расында да, Арқалық қаласы мен Арқалық ауданының орналасқан жері үстіртті, шоқылы болып келеді: сол жерлерден боксит, қоңыр көмір кендері қазылып алынады. Шығыстан батысқа қарай аласара түсетін бұл қадірлі жерлердің теңіз бетінен биіктігі 250-300 метрдей болып келеді. Келтірілген тіл деректері мен жер бедеріне сүйене отырып, Арқалық өз атауын орналасқан жердің бедеріне байланысты иеленген. Дәлірек айтқанда, түркі тілдерінде ертеректе жоталы, үстіртті жерлер «арқалық» сөзімен аталған деуге болады. Бұл жөнінде Massaget.kz осылайша өз болжамын жасайды.

Арқалық атауы қалай шыққан?

 

Арқалық қаласы 1956 жылы құрылған. Қаланың пайда болуына боксит кені ашылып, өңделуі себепші болды. Арқалық қаласы шағын қалалар тізбесіне енді және облыстық маңызы бар қала болып табылады. Арқалық қаласы Қазақстанның орталық жағында орналасқан, облыс орталығы Қостанайға дейінгі ара қашықтық 454 шақырым, ел астанасы Астана қаласына дейін - 611 шақырым. Қала құрамына 19 ауылдық тұрғылықты мекен  (15 ауыл Аққошқар, Алуа, Анғар, Ашутасты, Восточный, Екідің, Жаңақала, Жалғызтал, Көктау, Матросов, Мирный, Молодежный, Үштөбе, Фурманов, Целинный және 2 ауылдық округ: Қайынды (Қайынды ауылы, Қызылжұлдыз ауылы) және Родина (Родина ауылы, Айдар ауылы) кіреді.
Жер бедері. Қала аумағы негізінен Қазақ жазық бедерімен сипатталады. Жергілікті жер шығысында Терісаққкан, батысында Ашутасты өзенінің арасындағы жазықта, Торғай үстірті манында орналасқан. Қаланың шығыс бөлігінде (403м)  ең биік, Ақжар өзенінің жазығы бойынша негізгі абсолюттік (305м) төменгі белгілері байқалады. Ауданың абсолюттік белгісі 330-380м болып табылады. 
Топырағы. Арқалық қаласы құрғақ дала аймағында орналасқан. Қаланың солтүстік (көп) бөлігі сарғылт шағын аймағына жатады, аймақтың оңтүстігі –теңбілденген сортаң ашық сарғылт топырақтан тұрады. Қаланың жалпы жерінің аумағы 1558,7 мың га құрайды. Ауылшаруашылығы жер-суының аумағы 1516,9 мың га, оның ішінде 355,1 мың га, немесе 23,4% - егістік, 1148,8 мың га (75,7%) – жайылым жерін алып жатыр. Арқалық қаласының жері өзінің табиғи ерекшелігіне қарай негізінде ауылшарушылық жерінен (97%) тұрады, орман ауданы мен көгалдандыру алаңдары қаланың жер қоры құрылымында небары 0,36%, су асты және    саз батпақ  0,53%, әр түрлі қажеттіліктерге 2,11%  құрайды.  
Өсімдігі. Қаланың солтүстік бөлігінде көбінесе қызыл селеу және әр түрлі шөпті қара топырақ, оңтүстік бөлігінде топырағы ашық қоңыр бетегелі-селеу және жусан шөпті болып келеді.

 


Арқалық қаласының ауданында алюминий өнеркәсібіне арналған: Арқалық, Төменгі-Ашут, Үштөбе, Северный, Жоғарғы Ашут, Ақтас  6 боксит кен орны - шикізат орналасқан. Осы кен орындарына отқа төзімді сазбалшық қорлары да  жатады. 
Арқалық аймағында мынадай кенорындары зерттелген:
    Жаңа-Арқалық қорғасын, иттрий және сирек жерлері кенорны.
    Бұл кендердің ілеспе құрамдас бөлігі болып иттрий мен сирек топырақпен қоса, сондай-ақ мыс, цинк, кадмий, алтын, күміс, қалайы және басқалар да бар. Кендердің басты ерекшелігі олардың жұмсақтығы мен терең емес қабатта (50 м) болуы;
-    Ақжал нефритоид кенорны;
-    Ақбұлақ ақ мәрмәрдің білінуі;
-    Ағыржал қара мәрмәрінің білінуі.
Астана қаласында және  ғимараттар мен құрылыстардың  салынуы мен қайта жаңғыртылуына байланысты, Ақжал кенорнына жедел геологиялық бағалау жүргізіп және оны қазу аса маңызды болып отыр. Сонымен қатар мына мәрмәр кенорыны да аса маңызды болуы мүмкін:
-    Жаңа-Арқалық минералды су кенорны.

 

Арқалық атауы қалай шыққан?

 

Мұнымен бірге аймақ аумағында инвесторларды тартуға негіз болатын 37 шикізат қоры бар. Бұл құрылыстық, отқа төзімді кірпіш өндіретін, керамикалық және керамзит, құрылыстық пен өңдеу тасын өндіруге арналған шикізат қоры.
Өзен желісі сирек. Неғұрлым ірі су көздері Ашутасты, Қараторғай, Терісаққан  өзендері болып табылады. Ірі көлдері – Жаркөл қаз.  Талдыкөл, Жаркөл орыс, Шошқалыкөл, су бөгеттері орналасқан. Бұдан  басқа Арқалық, Тасты, Ақжар, Бикен жасанды су қоймалары бар.

Дайындаған Ақбота Қоңыратбаева