» » Қарда жалаңаяқ жүретін суретші

Қарда жалаңаяқ жүретін суретші

Айдар: Денсаулық / Ел ішіндегі ерекше адамдар / Сонғы жаңалықтар
Арал ауданы Абай ауылының тұрғыны Абай Әбішев елден ерекше жан. Ол қыстың қақаған аязында қарды жалаңаяқ басып жүре береді. 

 

Қазіргі күні елі жастың екеуіне келген ол бұған төмендегіше жайлардың әсері болғанын айтады. Ұзақ жылдар бойы тамағын баспа ауруы мазалаған. Тіпті, төсек тартып қалған кездері де көбейген. Дәрігерлік ем-домдарды оқып, ойлана келе осындай шешімге келген. Одан бері де біршама жылдардың жүзі ауған. Содан бері бұрын мазалаған дертінен құлан-таза айығып кеткенге ұқсайды. 
А.Әбішев қылқаламды серік еткен шығармашылық иесі. Кезінде Ресей астанасы – Мәскеу қаласындағы өнер университетінде дәріс алған. Суретшінің "Ақсақ киік", "Ғарыш ғаламаты", "Танкистер", "Жекпе-жек" секілді туындылары жұртшылық қызығушылығын туғызды.