Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Қызылордада Қазақ Ұлттық медицина университетінің филиалы ашылды

Қызылордада Қазақ Ұлттық медицина университетінің филиалы ашылдыБүгін Қызылордада С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің филиалы ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің ректоры Айқын Ақанов қатысты.
Филиал Қызылорда облыстық медицина орталығының жанынан ашылып отыр. Әрине, бұл аймақтан дәрігерлер даярлап шығаратын білім шаңырағы болмақ. Айта кетейік, еліміздің медицина университеттерінде интернатура, резидентура, магистратурадан өтіп жатқан студенттер енді Қызылордада білім ала алады. 
– Қазір ғылыммен айналысу заман талабы. Яғни, дәрігерлер барлығын зерделеп отыруы қажет. Халықаралық деңгейде жұмыс жасаған жағдайда ғана облыс тұрғындары ем іздеп өзге аймаққа бармайды. Бұл аймақ үшін үлкен жаңалық, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Аталған университеттің 85 жыл тарихы бар. Онда 200 профессор, 800 доцент, 2 мыңнан астам мұғалім қызмет етеді. Аталған білікті мамандар енді Сыр еліне келіп, қызылордалық студенттерге дәріс беретін болады. 
- Біздің университеттен 70 мыңнан астам дәрігерлер даярланып шықты. Негізгі мақсат облыстың потенциалын көтеру. Оған мүмкіндігіміз жеткілікті. 2017 жылы бұл филиалды ғылыми зерттеу орталығы ретінде қалыптастырамыз, - деді С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің ректоры Айқын Ақанов.
Айта кетейік, аймақ басшысы облыстық медицина орталығын күрделі жөндеуден өткізуге және техникалық базасын нығайтуға облыстық бюджеттен қаржы қарастырылатынын айтты.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: