Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Ардагерлерге қан қысымын өлшейтін тонометр берілді

Ардагерлерге қан қысымын өлшейтін тонометр берілдіҚазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлеріне арналған «Асар» республикалық қамқорлық акциясы аясында жергілікті соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Бұл жөнінде аудан әкімдігі баспасөз қызметі хабарлады.
Аудан әкімдігі мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің аудан бойынша ұлтаралық қатынастар жөніндегі эксперті Біржан Өтебаевтың үйлестіруімен өткен шарада 3 соғыс ардагері қамтылды. Аудан әкімінің орынбасары Б.Айтбембет қатысқан акцияда Жайылма, Бірлік, Жаңақорған кентіндегі соғыс ардагеріне қан қысымын өлшейтін тонометр мен ризашылық гүл шоқтары табысталды. 
Өз кезегінде бүгінгі күндеріне шүкіршілік еткен майдангер аталарымыз елге амандық, жерге тыныштық тілеп ақ батасын берді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: