Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Хирургия орталығының дәрігерлері Қазалыда болды

Хирургия орталығының дәрігерлері Қазалыда болдыА.Н.Сызғанов атындағы ұлттық хирургия орталығының дәрігерлері терапия саласының мамандары мен травматологтарға мастер-класс өткізді. Онда бастапқы медициналық көмек деңгейінде науқастардың ауруларын анықтау және емдеу жолдары түсінідірілді. 
Қазалы ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, мастер-класқа кардиолог, нефролог, гастроэнтеролог, пульмонолог, терапевт, травмотологтар қатысып, жетілдіру дәрістерін тыңдады. Одан соң орталық дәрігерлері аудан тұрғындарын қабылдап, кеңестер берді.
Ұлттық хирургия орталығының бас дәрігері Жеткерген Әнесұлы аудан әкімі Н.Шамұратовтың қабылдауында болды. Оның айтуынша, мұндай шеберлік сағаттары барысында жергілікті дәрігерлер емдеудің заманауи тәсілдерін үйреніп, тәжірибе алмаса алады. Мұндай іс-шаралардың медициналық көмекті дамытуға ықпалын тигізетіні анық. Және жергілікті медицинаның сапасын жетілдіруге мүмкіндік беріп, маңызды және күрделі емдеулердің қолжетімділігін арттырады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: