Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Ғалымдар: Күніне 2-3 кесе шай ішу адамның сүйектеріне аса пайдалы

Ғалымдар: Күніне 2-3 кесе шай ішу адамның сүйектеріне аса пайдалы
Шанхай госпиталіндегі қытайлық мамандар күніне 2-3 кесе шай ішу адамның буын сүйектерін нығайтып, остеопороз ауруының алдын алатынын анықтады. Бұл жайында Қазақпарат хабарлайды.
Шай ішу ер адамдар үшін де, әйел адамдар үшін де аса пайдалы болып шықты, ол сүйектің сыну қатерін 37%-ға азайтады. Өкінішке орай, кофенің мұндай қасиеттері байқалмады, деп хабарлайды Kedem.
Ғалымдар алдында жүргізілген 14 зерттеудің қорытындыларына талдам жасап, адамның тамақтануы мен сүйегінің сынғыштығы арасындағы байланысты анықтады.
200 мың адамға жүргізілген зерттеу мәліметтері бойынша шайды сүйсініп ішетіндердің арасында сүйек сынғыштығы азаятыны мәлім болды. Яғни, күніне 1-2 кесе шай ішкен жандарда бұл қатер 28%-ға, 2-3 кесе шай ішкендердің арасында - 37%-ға, ал 3-4 кесе шай ішкендердің арасында - 21%-ға төмендеген.
Әзірге мамандар 2-3 кесе шайдың сүйекке неге мұншалықты пайдалы екенін нақ басып айта алмайды, себебі ол үшін қосымша зерттеулер жүргізу қажет. Тек, олардың болжамынша, осынау сусын құрамындағы флавоноидтар жаңа сүйек тінінің түзілуіне септеседі екен. Әрі шайдағы фторид, кальций мен минералдар да сүйекті нығайтып, мықты етеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: