Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

ЕМХАНАДАҒЫ БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ ЕЛІМІЗДЕГІ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНА ЕНДІ

ЕМХАНАДАҒЫ БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ ЕЛІМІЗДЕГІ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНА ЕНДІ«Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында партия Төрағасының Бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтың қатысуымен үздік бастауыш партия ұйымын анықтау, олардың жұмыс тәжірибесін елдің барлық аймақтарында тарату, партиялық және сайланбалы қызметтерге ұсыну мақсатында білікті және белсенді БПҰ төрағаларынан партиялық кадрлардың резервін қалыптастыру және партия жұмысына қоғамның назарын аудару мақсатында ұйымдастырылған байқаудың қорытындысында Қармақшы аудандық партия филиалына қарасты аудандық емхана бастауыш партия ұйымы 3 санат бойынша жүлделі ІІІ орынға ие болды.
«Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалының аудандық емхана бастауыш партия ұйымы 1999 жылдан бастап жұмыс жасайды.Қазіргі таңда партияның 635 мүшесі бар.
Аудандық емхана БПҰ ұйымшылдығы арқасында түрлі жобаларға, шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.
«Бұл байқаудағы жүлделі орын да бастауыш ұйымның мәртебесін асқақтатып, ұйым мүшелерінің алдағы жұмысына серпін берері сөзсіз»-дейді ұйым төрағасы Бақытжан Нысанбаев.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: