Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ АЙЛЫҚ БАСТАЛАДЫ

ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ АЙЛЫҚ БАСТАЛАДЫЖыл сайын ақпан айының соңғы аптасынан наурыз айының соңына дейінгі аралықта туберкулезбен күресу айлығы басталады. Бұл жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.
Айлық барысында барлық тұрғындар өз емханаларында толық флюрогафиялық және де басқа тексерілуге келуіне болады. 
Облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері Ә.Әбләзім, қазіргі облыстағы туберкулез ауруының ахуалына байланысты баспасөз маслихатын өткізді. «Қазақстан Республикасында туберкулезбен күрес жөніндегі 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспар» бойынша іс-шаралар жүргізілді. Туберкулездің, оның ішінде көп дәріге тұрақты туберкулездің таралуын тежеу үшін инфекциялық бақылау шараларын күшейту, облыстағы туберкулезге қарсы мекемелердің материалдық базасы нығайтуға байланысты - 344782,0 теңге бөлінген. Қызылорда қалалық тубдиспансер күрделі жөндеуден, ғимарат ішіндегі ауаны сорып шығаруға арналған желдеткіш, ғимарттарды қоршауға алуға; Барлық туберкулезге қарсы диспансерлерге тәуліктік күзет бекеттер және бейнеқондырғылармен қамтамасыз етуілді. Әрбір 10000 балаға 1 фтизиопедиатр штаты бекітіліп, қалалық тубдиспансер фтизиопедиатрлары көбейтілді. Мобильдік топ құрылып, емге қатынауға жағдайлары жоқ науқастарға дәрі тасымалданып берілуде. Туберкулездің алдын алу, емдеу жұмыстарын жақсарту мақсатында алғашқы медициналық көмек беру ұйымдарының 1302 мамандарына семинар сабақ өткізілді. Туберкулезге қарсы шаралардың, оның ішінде ем нәтижелілігін арттыру мақсатында амбулаториялық емдегі науқастарға. әлеуметтік көмек ретінде 124390,32 теңге қаражат қаралып, 1088 науқас көмекті алды. - облысымызда туберкулезбен аурушаңдылық 2014 жылы облыс бойынша 573 адам , 2015 жылы-549 адам алғаш рет туберкулезбен ауырып тіркелген, соған сәйкес 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдылық көрсеткіші 2014 жылы-76,8, 2015 жылы-72, 0, яғни 5,7-ге азайған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: