Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕРЛЕР ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕРЛЕР ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫҚызылорда облыстық кеңес беру диагностикалық орталығынан ерлер денсаулық орталығы ашылды. Бұл жайында Seykhuninfo.kz ақпарат агенттігі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.  
Облыстағы ерлер денсаулығының көрсеткішін жақсарту және уроандрологиялық көмекті дамыту мақсатында биыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің шеңберінде қаржы қарастырылды. 
Аталған орталықта урологиялық және андрологиялық көмек көрсетіліп, несеп жүйелері ағзаларына емдеу-диагностикалау жұмысы, кеңес беру жүргізіледі. 
Науқастарды қабылдау және барлық қызмет тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің шеңберінде алғашқы медиицналық көмек көрсету және тар буынды мамандардың жолдамасымен жүргізіледі. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: