Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

«ДЕНСАУЛЫҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«ДЕНСАУЛЫҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫОблыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы қатысуымен болған кеңесте «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуы туралы айтылды. Бұл жайында облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 
Сондай-ақ барлық медициналық ұйымдардың бас дәрігерлері, бас дәрігердің ішкі аудит бойынша, БМСК, ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелері бойынша орынбасарлары мен бас мейірбикелер семинар кеңеске қатысуға шақырылған.
Халықты сапалы көмекпен қамту, денсаулық сақтау шығындарын тиімді пайдалану, мақсатты индикаторларға жету мақсатында облыстық денсаулық сақтау басқармасы Қазақстан Республикасы статистикалық көрсеткіштері бойынша жалпы өлім – жітім себептерінің 52 пайызын құрайтын ана мен бала, онкология, жарақаттану, жіті инфаркт миокарді, инсульт – негізгі 5 өзекті бағытта жол қарталарын әзірленді. Оларға; 2016-2019 жылдар аралығында ана мен бала денсаулығын қорғау және өлімін азайту, жарақаттану, жіті миокард инфарктісі, ми қанайналым жіті бұзылыстары және онкологиялық аурулардың алдын алу және олардан болатын өлім себептерін азайту іс-шаралары жатады. 
«Денсаулық» бағдарламасын іске асыруда облыстық бюджеттен 2 млрд теңге бөлінді және төмендегі мақсатты индикаторларға жету жоспарлануда. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: