» » МҮГЕДЕКТІККЕ ШЫҚҚАН БАЛАЛАР САНЫ ТӨМЕНДЕГЕН

МҮГЕДЕКТІККЕ ШЫҚҚАН БАЛАЛАР САНЫ ТӨМЕНДЕГЕН

Айдар: Денсаулық, Сонғы жаңалықтар

 

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Еңбекті әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Төреахмет Жолымбетов 2016 жылы атқарған жұмыстарын баяндап, алдағы атқарылар шаруаларымен бөлісті.
Оның айтуынша облыс бойынша өткен жылы зейнетақы және әлеуметтік төлем алушылардың саны 295,8 мың адам болып, оларға төленген қаржы 68,5 млрд теңгеге жеткен. Есепті мерзімде тағайындалған төлемдер саны – 94077, оның ішінде жаңадан тағайындалғаны – 50125.
Қазақстан Республикасының «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңында биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық зейнетақы төлемдерінің мөлшері 9%, жәрдемақылар 7% көбейтілді. 
Департамет басшысы   2017 жылы ең жоғарғы зейнетақының мөлшері базалық зейнетақымен қоса алғанда 88549 теңге, орташа зейнетақы 64751 теңге және ең төменгі зейнетақы мөлшері 40952 теңгені құрағандығын атап өтті. Сонымен қатар, зейнетақы төлемін алушылардың зейнетақыларының мөлшері 1 шілдеден бастап, 11%, бала тууына байланысты бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы 20% артады.  
Айта кетейік, департамент тарапына алғашқы рет мүгедектігі анықталғандардың ішінде 1266 мүмкіндігі шектеулі азаматқа  мемлекеттік қызмет көрсетілген. Сондай-ақ , нерв жүйесі мен сүйек, буын аурулары салдарынан мүгедектікке шыққан балалар саны сәл де болса төмендеген.