» » ЕҢБЕК ЕРЛЕРІ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ШЕБЕРЛІК САБАҚТАРЫН ӨТКІЗДІ

ЕҢБЕК ЕРЛЕРІ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ШЕБЕРЛІК САБАҚТАРЫН ӨТКІЗДІ

Айдар: Денсаулық, Сонғы жаңалықтар

ЕҢБЕК ЕРЛЕРІ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ШЕБЕРЛІК САБАҚТАРЫН ӨТКІЗДІ

 

Бүгін, 21 ақпан күні Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Сыр еліне жұмыс сапарымен келген Еңбек Ерлері- «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ директоры Юрий Пямен және «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Серік Ақшолақовпен кездесті.
- Біздің облысымызда денсаулық сақтау саласын дамыту үшін ауқымды жұмыстар атқарылуда. Өткен жылы қабылданған мемлекеттік «Денсаулық» бағдарламасы аясында 28 индикаторлы көрсеткішке қол жеткізу мақсатында аймақтық жоспар дайындалды. 2016 жылы біз орташа өмір сүру ұзақтығын 72 жасқа ұзартуды мақсат етіп, ол көрсеткішке қол жеткіздік,- деді Қ.Көшербаев.
Сыр еліне сапарлап келген Еңбек Ерлеріне күріштен жасалған өз портреттері естелікке сыйға тартылды. Картина авторы – суретші Қайырбек Зәкіров.
Сондай-ақ, Ю.Пя мен С.Ақшолақов жергілікті кардиохирургтармен кездесіп, облыстық медицина орталығында шеберлік сабақтарын өткізді және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелеріне арналған жиынға қатысты.
22 ақпан күні мәртебелі меймандар облыстық медициналық орталықтың Байқоңыр қаласындағы филиалына, ғарышкерлер мұражайы мен Қорқыт ата мемориалдық кешеніне барып, «Союз МС» ғарыш кемесінің ұшу сәтін тамашалайды. Сондай-ақ, ІІІ- Интернационал ауылының тұрғындарымен кездесуі жоспарланған.