» » ТАЗАЛЫҚ РЕЙДІ ЖҮРГІЗІЛДІ

ТАЗАЛЫҚ РЕЙДІ ЖҮРГІЗІЛДІ

Айдар: Денсаулық / Сонғы жаңалықтар
Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы қарсаңында қала тазалығына басты мән берілуде. Ұйымдастырылған рейд жұмыстарының барысында қоғам белсендісі Қапан Нағашыбай, «Қызылорда тазалығы» серіктестігінің мамандары және қалалық ішкі саясат бөлімінің қатысуымен көшенің тұрғындарына үнпарақшалар таратылып, түсіндірмелік жұмыстар жүргізілді.
Құрметті қала тұрғындары және қала қонақтары!
Қаланың санитарлық тазалығын қадағалау мақсатында әрбір жеке тұрғын үй мердігер мекемемен келісім-шарт жасап, өзіне қоқыс контейнерін орнатуы қажет екені немесе темір контейнерлер болмаған жағдайда, үйден шыққан қоқысты белгіленген кесте бойынша көшемен өтетін мекеменің арнайы автокөлігіне салу керек екенін ескертіледі. Құқық бұзушылық анықталған жағдайда, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 505 бабына сәйкес шара қолданылатынын ескертеміз.