» » Коронавирустан қорғануға дайынбыз ба?

Коронавирустан қорғануға дайынбыз ба?

Айдар: Денсаулық / Сонғы жаңалықтар
Облыста қызыл тілі жалаңдаған тажалдан қорғану үшін не істеліп жатыр?
- барлық емханаларда ыстығы көтерілген, жөтелі бар жандарға арналған арнайы тексеріп-қарау кабинеттер жасақталған;
- облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында күдікті деп танылған науқастарды емдеуге арналған 50 төсектік бокс дайындылған;
- облыстық балаларға арналған санатория ғимаратында шет мемлекеттерден келген азаматтарды 14 күнге карантинге жатқызу мақсатында 100 төсек орын дайындалған;
- осы уақытқа дейін 54 шет елдік азамат карантинге жатқызылып, қазір 11 азамат әлі де бақылауда;
- аудандық ауруханалардың жанынан күдікті деп танылған азаматпен байланысқа шыққан азаматтарды тексеріп-бақылау үшін 400 төсек орын дайындалды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы