Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Қызылордада коронавирустық инфекцияның 1 жағдайы тіркелді

Қызылордада коронавирустық инфекцияның (COVID-19) 1 жағдайы тіркелді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді.
« Науқас 1 наурызда Сеул-Алматы транзитімен Оңтүстік Корея мемлекетінен ұшып келген. КВИ бойынша қолайсыз елден келуіне байланысты 14 наурызға дейін карантинді стационарда бақылауда болып, қанағаттанарлық жағдайда шығарылған. Бұған қоса, 27 наурызда денсаулығындағы шағымымен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Эпидемиологиялық анамнезі ескеріліп, боксқа оқшауландырылды. Сонымен қатар, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 22.03.2020 жылғы №26 қауылысы негізінде ПЦР анализі алынып, COVID-19 нәтижесі нақтыланды»,-деді Әлия Мүтәліпқызы.
Сондай-ақ, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.
«Науқастың жағдайы тұрақты, коронавирустық инфекцияның диагностикасы мен емі бекітілген хаттамаға сәйкес терапия жүргізілуде»,-деді Әлия Мүтәліпқызы.
Қазіргі таңда, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандары мен энтомологтардан құрылған топ эпидзерттеу жұмыстарын жүргізіп, індетке қарсы алдын алу шараларын ұйымдастыруда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: