Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Бүгін коронавирус жұқтырған 3 науқас Жаңақорған, Шиелі аудандарында тұрады

Бүгін, 13 сәуір сағат 8.30-дегі есеп бойынша Қызылорда облысында COVID-19 вирусының тағы 3 жағдай тіркелген. Қазір аталған вирус бойынша 19 жағдай есепке алынған.
Бұл жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Абдусаметов Жақсылық Әбілқасымұлы Өңірлік Коммуникациялар қызметі алаңында тікелей эфирде хабарлады.
Қазіргі уақытта, облыс бойынша 119 науқас тіркелді. Жаңадан тіркелген 2 науқас Шиелі ауданынан, 1 науқас Жаңақорған ауданынан. Анықталған науқастардың барлығы да карантиндік бақылауда болған азаматтар.
Айта кетерлігі, облысымызда науқастармен қарым-қатынаста болған 1449 адам анықталса, оның 802 жақын қарым-қатнаста болғандар, 647 -і провизорлық байланыста болған азаматтар. Облыс бойынша инфекциялық стационарға 119, провизорлық стационарға -57, карантиндік стационарға -556 азамат жатқызылған. Барлығы 731 азамат. Қазіргі уақытта, облысымызға 1-Б категориясы елдерінен келген 46 адам болса, олар 5 азамат карантинде, 41 замат үй жағдайында бақылауда.
Еске сала кетейік, 1.03.2020 жылдан бастап Қызылорда қаласында шектеу шаралары енгізіліп, карантин жарияланды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: