Жиында денсаулық сақтау саласы бойынша ауданда атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Жиын барысында ақ халаттылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берген Н.Шамұратов биыл Әйтеке би кентінен жалпы құны 4 млрд 285 млн. теңге құрайтын 150 орындық аудандық аурухана құрылысының басталатын хабарлады.
Сондай-ақ, бүгінгі өзекті мәселелердің бірі санавиацияға байланысты жер телімі белгіленіп берілгендігін, жоба дайындалса құрылысын қаржыландыру жергілікті бюджеттен қарастырылатындығын жеткізді.