Сейхун-инфо.кз / ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ


Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапаттау жарасымды жалғасын тауып келеді. Осындай құрмет денсаулық сақтау саласы мамандарына көрсетілді.
Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өзінің құттықтау сөзінде денсаулық саласындағы жетістіктердің жыл сайын жоғарылап келе жатқанын атап өтті.
Медицина саласының ардагері Асылбек Тоғызбаев өз әріптестері атынан жасалған құрметке зор алғысын білдірді.
– Сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында тоқтаған жүректер қайта соқты. Сол үшін дәрігерлерге қандай құрмет көрсетілсе де лайық, – деді қала әкімі жиын соңыңда.
28-10-2018, 01:43
Вернуться назад