» » ЕУРОПАЛЫҚ ҒАРЫШ АГЕНТТІГІ МАРСТАҒЫ МАВР АЛҚАБЫН КӨРСЕТТІ

ЕУРОПАЛЫҚ ҒАРЫШ АГЕНТТІГІ МАРСТАҒЫ МАВР АЛҚАБЫН КӨРСЕТТІ

Айдар: Әлем

 

Еуропалық ғарыш агенттігі бір кездері өзен болған Марстағы Мавр алқабын көрсетті, деп хабарлайды 24.kz
Бейнеролик «Марс экспресс» автоматты станциясында орналастырылған камера арқылы түсірілген. Қазір ғалымдар бұл алапты 2020 жылға таман экспедиция түсетін жерлердің бірі ретінде қарастырып отыр. Олардың пайымдауынша, 4 миллиард жыл бұрын пайда болған Мавр алқабында бір кездері сылдырлап су да аққан. Өйткені алқаптың қақ ортасынан тереңдігі 2, ал ұзындығы 600 шықырымға созылған өзеннен қалған арнаны тапты.