Facebook WhatsApp Instagram

Суреттер сөйлейді

0

Жапонияда су астындағы қала салынады (3 сурет)

Бұл жобаны Жапонияның Shimizu компаниясының мамандары қолға алып отыр. Қазіргі күні тек қиялда жүрген қала 5 мың адамға арналады. Оның 4 мыңы тұрғылықты халық болса, қалған 1 мыңы келіп-кетушілер болып табылады. 

 

Жапонияда су астындағы қала салынады (3 сурет)

 

Оның негізгі мақсаты – су астындағы өмірді адамдарға жан-жақты насихаттау. Компания мамандары бүгінгі таңда бұл жобаны жүзеге асыру тек арман күйінде қалып отырғанымен, ендігі 15 жылда технологияның дамуы нәтижесінде оған толық қол жеткізуге мүмкіндік бар. 
Аталмыш жобаны жүзеге асыру үшін 26 миллиард доллар шамасында қаржы қажет етіледі. Қаланың басым бөлігі шеңбері 500 метрді құрайтын Blue Garden (Көгілдір бақ) атты сфералық құрылыс ішіне орналастырылады. Онда барлық тұрғын үйлер салынбақ. Сондай-ақ, ол жерде демалыс аймағы, ғылым-зерттеу орталығы, мейрамхана және өзге де орындар болады. Бұл орын 75 қабатқа лайықталған. Сфера ортасында спираль орналасқан. Ол жеделсаты қызметін атқармақ.

 

Жапонияда су астындағы қала салынады (3 сурет)

 

Жапонияда су астындағы қала салынады (3 сурет)

 


 

 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: