» » Ресейлік ғалымдармен тәжірибе алмасты

Ресейлік ғалымдармен тәжірибе алмасты

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемелкеттік университетінің электр энергетикасы және Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер кафедрасы оқытушы-профессорлары мен білім алушыларының қатысуымен ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Семинар барысында Челябы мемлекеттік агроинженерия академиясы Ауыл шаруашылығын электрмен жабдықтау кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы Сакен Койшыбаевич Шерьязов «Научные основы эффективного использования возобновляемых источников в системе энергоснабжения» тақырыбында және Ресей халықтар достығы университеті Кибернетика және мехатроника кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы Асхат Ибрагимович Дивеев «Современные методы генетического программирования для решения задач управления» тақырыбында баяндама жасап, жан-жақты ғылыми тұжырымдар арқылы кафедра ғалымдарымен пікір алысты. Семинарға қатысушылар баяндама тақырыптары бойынша қызығушылық танытып, өзара тәжірибе алмасты.