Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Университеттің әскери кафедрасының бастығы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың 2014 жыл 29 желтоқсандағы №0367 бұйрығы бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының қарамағында тұрған полковник Раджаб Тұрсынбайұлы Нұрәлиев Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Әскери кафедрасының бастығы қызметіне тағайындалды. 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің әскери кафедрасы 1999 жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1282 қаулысын жүзеге асыру мақсатында 1999 жылдың 29 қарашасында Қорғаныс министрінің №190 және Білім және ғылым министрінің №57 біріккен бұйрығымен 2000-2001 оқу жылынан бастап құрылды. Әскери дайындық запастағы офицерлерді дайындау бағдарламасына сәйкес және төмендегідей әскери-есептік мамандықтар бойынша жүзеге асырылады: - жақын қашықтықта әсер ететін тасымалданатын зениттік зымыран кешенімен қаруланған бөлімшелерді ұрыста пайдалану; - әскердің әскери, шаруашылық қызыметінің экономикасы және қаржымен қамтамасыз ету. Әскери дайындықтың негізгі мақсаты мен міндеттері – Отанын жанындай сүйетін және мейірімділік рухымен тәрбиеленген, психологиялық тұрақты, батыл, тәртіпті, әскери құпияны сақтай білетін, жоғары адамгершілік қасиеттерге ие, сонымен қатар әскери міндеттерді атқаруға қажетті бейімділік пен дағдыны бойына сіңірген запастағы офицерлерді дайындау болып табылады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: