Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу кейінге қалдырылды

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу кейінге қалдырылдыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2015 жылғы мамыр айында 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу бойынша экспериментті аяқтайды.
Министрлік еліміздің жаңа экономикалық саясатын назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметіне 12 жылдық білім беруді енгізуді кейінге қалдыру туралы ұсыныс жасады.
Осылайша, еліміздегі оқушылар мектепті 11 сыныпта бітіретін болады. Балаларды 1 сыныпқа бұрынғыдай 6-7 жастан бастап қабылдайды. Сонымен қатар, орта білім мазмұнын жаңарту 11 жылдық оқыту жүйесі шеңберінде біліктілік тәсілдерді, көптілді және патриоттық тәрбиені ескере отырып жалғасатын болды.  

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: