Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Журналист-оқытушы Құрмет грамотасымен марапатталды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Гүлмира Шайтмағанбетқызы Әшірбекова Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасымен марапатталды. 
Бұл марапат білім беру жүйесіндегі табысты еңбегі, ұрпақ тәрбиелеудегі үлесі және қоғамдық өмірге белсене қатысқаны үшін беріліп отыр. Г.Әшірбекова аталмыш кафедрада бірнеше жылдан бері жемісті еңбек етіп келеді. Білім мен тәрбиені ұштастырып, шәкірттеріне сапалы білім бере білген ұстаз мәртебесі асқақ, еңбегі жемісті бола бергей. Әріптесімізге алдағы уақытта да шығармашылық табыс тілейміз!
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: